Түркістан жұма мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:08, 2016 ж. шілденің 29 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мешіт

Түркістан жұма мешітіТүркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.

Ғимарат сипаттамасы

  • Шикі кірпіштен қаланған.
  • Бөлменің ішкі қабырғалары мен қасбеттері сыланған.
  • Шатыры жайпақ, топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғаға және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді.
  • Діңгек пен бөлме төбесі қошқыл қоңыр түсті бояумен боялған. Көгеріс өрнектері бар орамды әшекей жапсырмалар түріндегі түрлі түсті суреттер жиектеме тақтайларында сақталып қалған. Мешіт бөлмесіндегі бұйымдар жоғалып кеткен.
  • Бастырмадағы 4 қуыс үстіңгі жағында жұп көгершіні бар анар шоғы бейнеленген көгілдір түсті өрнекпен сәнделген.
  • Төбесінің биіктігі 4 м-ге жуық, есік-терезелері үлкен, едені ағаш. Жиекшелері мен қабырғаларындағы бедерлер мешіттің қаладағы елеулі құрылыс болғанын білдіреді<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Сенигова Н.Т., Культовые сооружения около мавзолея Ходжа Ахмеда Ясави. Археологические исследования в Отраре. А.-А., 1977.</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,

2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>.

Дереккөздер

<references/>