Түркістан жұма мешіті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түркістан жұма мешіті — Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.
Ғимарат сипаттамасы
- Шикі кірпіштен қаланған.
- Бөлменің ішкі қабырғалары мен қасбеттері сыланған.
- Шатыры жайпақ, топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғаға және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді.
- Діңгек пен бөлме төбесі қошқыл қоңыр түсті бояумен боялған. Көгеріс өрнектері бар орамды әшекей жапсырмалар түріндегі түрлі түсті суреттер жиектеме тақтайларында сақталып қалған. Мешіт бөлмесіндегі бұйымдар жоғалып кеткен.
- Бастырмадағы 4 қуыс үстіңгі жағында жұп көгершіні бар анар шоғы бейнеленген көгілдір түсті өрнекпен сәнделген.
- Төбесінің биіктігі 4 м-ге жуық, есік-терезелері үлкен, едені ағаш. Жиекшелері мен қабырғаларындағы бедерлер мешіттің қаладағы елеулі құрылыс болғанын білдіреді<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Сенигова Н.Т., Культовые сооружения около мавзолея Ходжа Ахмеда Ясави. Археологические исследования в Отраре. А.-А., 1977.</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,
2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>.
Дереккөздер
<references/>