Сәукеле кигізу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:47, 2015 ж. наурыздың 26 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Сәукеле кигізуқазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол - бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруте ынтық. Оның көрімдігі де соғанлайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілдікүлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.<ref>«Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 2004 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}