Сағыз (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:26, 2017 ж. сәуірдің 2 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына СағызАтырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы, темір жол стансасы. Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде, Сағыз өзенінің жағалауында орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1939 ж. Атырау — Қандыағаш темір жолын салуға байланысты қаланған. 1951 — 96 ж. Ленин атындағы қаракөл қойын өсіретін ұжымшардың орталығы болды.

Инфрақұрылымы

Ұжымшар негізінде ЖШС, темір жолға қатысты кәсіпорындар мен мекемелер, байланыс бөлімшесі, т.б. тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді. Сағыз арқылы АтырауОрск темір жолы және АтырауҚандыағаш автомобиль жолы өтеді.

Халқы

Ауылдағы халық саны 2004 жылы 6,3 мың адамды құраса<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>, 2009 жылғы санақ бойынша 6530 адамды құрайды<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Қызылқоға ауданы елді мекендері