Оңғарбай Қоданов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:59, 2016 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Оңғарбай Қоданов (1947 жылы туған, Маңғыстау ауданы,Жыңғылды ауылы ) – қорық қызметкері.

  • 1980 жылдан бері Маңғыстау табиғат қорғау қоғамының басшысы. Өлкенің жануарлар және өсімдіктер дүниесінің қорғалып, сақталуына көп еңбек сіңірді.
  • Оның ұсынысы бойынша Үстірт қорығы, Ақтау – Бозащы қорықшасы, Қарақия-Қаракөл қорықшасы, сонымен қатар Кендірлі және Қарақия аңшылық шаруашылық ашылды.
  • 1990 жылы Қазақстанда алғаш рет шетелдік аңшы туристердің өлкеде басқосуын ұйымдастырды.
  • ҚР-ның «Қызыл кітабына» енген жойылып бара жатқан жануарлардың 60%-ы Маңғыстау өлкесінің фаунасына жатады. Қоданов осы түрлердің сақталып қалуы үшін баспасөз, радио, теледидар арқылы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізеді.
  • Маңғыстаудың табиғаты, жануарлар және өсімдіктер дүниесі туралы «Аққулар қайда қыстайды», «Жұмбақты көл, құпиялы теңіз», «Үстірт муфлоны», тағы басқа кинофильмдердің түсірілуіне ат салысты.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңғарбай Қоданов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}