Қарақия-Қаракөл қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаракөл қорықшасы – республикалық мәні бар қорықша. 1986 жылы Маңғыстау облысында Қарақия ауданында ұйымдастырылған.


Жерінің аумағы 137,5 мың га. Қорықшаны құрудағы мақсат – Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағына 9 бұлақ және 3 атпалы су көздері кіреді. Жер бедері кертпештеніп келген тік, жарқабақты. Олар желмен және аққан судың әсерінен жарылып, жеке төбелерге бөлініп кеткен. Өсімдік түріне аса бай емес. Қорықшада Қазақстан фаунасында өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар түрлері: Үстірт арқары, қоқиқаз, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, қарақұйрық, шағыл мысығы, ұзын инелі кірпі, үнді жайрасы мекендейді. Бұл жануарлардың барлығы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}