Нұртаза Ыбыраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:54, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Нұртаза Ыбыраев (1931 жылы туған), ғалым-зоотехник, халық шаруашылығын ұйымдастыру саласының қызметкері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты (1964). ҚазКСР еңбек сіңірген зоотехнигі (1967). Алматы зоотехник-мал дәрігерлік институтын бітірген(1954). 1959-1965 жылдарында Жамбыл облысындағы Мерке асыл тұқьімды кеңшарының директоры, облыстық кеңшарлар басқармасының бастығы, Шу өндірістік-аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 1965-1966 жылдарында облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры, 1966-1970 жылдарында Жамбыл аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, 1970-1973 жылдарында Республика кәсіподақтар Кеңесінің хатшысы, 1973-1983 жылдарында Жезқазған облыстық, партия комитетінің хатшысы, кейін 2-хатшысы, 1985-1994 жылдарында Қызылорда облаткомы төрағасының 1-орынбасары, облысының агроөнеркәсіп комитетінің терағасы, Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, 1995 жылдан Қазақтың егіншілік ғылыми-зертттеу институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 10-11-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 3 мәрте Еңбек Қызьл Ту, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}