Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:28, 2017 ж. наурыздың 26 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Кинематограф Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев (22 наурыз 1926 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы27 тамыз 1993 жыл Алматы) — кеңестік және қазақ кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Жалпы мәліметтер

Алматы театр училищесін (1945) бітірген соң Қызылорда облысы қазақ драма театры труппасында қызмет атқарды. 1948 жылдан қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиясы жастар мен балалар театры құрамында еңбек етті. Алғашқы рөлі Қуыршақ сатушыны (А.Толстой, “Алтын кілт”) ойнап, актерлік талантын танытты. Құланбаев театр сахнасында Есен, Назарбек (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Алуа”, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Әбутәліп (С.Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Қоңқай (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Махамбет (Ә.Әлімжанов, “Махамбеттің жебесі” бойынша), әл-Фараби (Ш.Хұсайынов пен О.Бодықов, осы аттас спектакльде), т.б. рөлдерді сахнаға шығарды. Кинофильмдерде ойнаған рөлдері: Бала (“Райхан”), Қаратай (“Менің атым Қожа”, 1963), Ыдырыс (“Балалық шаққа саяхат”, 1969), Ермат (“Алтын күз”, 1978), Генерал-майор (“Қала қалқаны”, 1979), т.б. Құланбаев Қазақ радиосында радио-қойылымдарға қатысып, балаларға арналған “Ойлан тап” атты радио ойынында Жұмбақ атай бейнесін жасады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

  • 1977 жылы «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілген.
  • 1983 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}