Мұстақым Сәленұлы Қабдірашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:34, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Мұстақым Сәленұлы Қабдірашев - 1970 жылы 2 қазанда Гурьев қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Қабдірашев Сәлен, зейнеткер, өрттен қорғау инспекторы болып жұмыс істеген, ІІБ майоры. Анасы - Әменова Рысты, зейнеткер, ЖКО бухгалтері болып жұмыс істеген. Атырау мұнай және газ институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1997), құрылысшы-инженер; X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2004), спорт жаттықтырушысы. «Таэквондо - бұл өнер және спорт», «Кемелденуге бастар жол», «Жастар есірткіге қарсы» және т.б. мақалаларының авторы. Орысжәне ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).

  • 1991-1995 жылдары - ҚЖБ-7 құрылысы бойынша шебер жөндеуші.
  • 1996 жылдан - «Искорка» ДПК спорт нұсқаушысы, «АНПЗ» АҚ таэквондодан жаттықтырушысы.
  • 1992 жылдан бері - Атырау облысы №1 ОІБЖСМ таэквондадан ҚР аға жаттықтырушысы.
  • 2000 жылдан - таэквондодан Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы. «Қазақстан Таэквандо федерациясы» РБҰ Атырау филиалының мүшесі (1992-2005). ҚР ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы. Спортшылар - Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері, Әлем чемпионаты Шылманов Арманды; Азия ойындарының қола жүлдегері Аманқұлов Әнуарбекті; Азияның 2 мәрте чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нүркина Лияны және басқаларды тәрбиелеген. ҚР таэквандодан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2001). «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008); ҚР Премьер-министрінің құрмет грамотасымен (2001); Олимпиада ойындарының қола жүлдегерін дайындаған үшін сыйлықпен (Пекин, 2008) марапатталған.

Діни көзқарасы - дәстүрлі ісләм.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта бейбітшілік пен келісімнің, халықтар достығы мен бүкіл әлем діндерінің және тұрақты дамушы елдің үлгісіне айналады».
Хоббиі - спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, ұлттық дәстүрлері.

Үйленген. Жұбайы - Жауырова Венера, ТЖ агенттігінің инспекторы. Қыздары - Сәленова Әзиза (1998 жылы туған), Сәленова Шахадат (2004 жылы туған); ұлы - Сәленов Исламбек (2002 жылы туған).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}