Мүбәрәк Қожа хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

02:00, 2016 ж. қарашаның 17 кезіндегі EmausBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мүбәрәк Қожа хан (т.ж.б. – 1345) – Ақ Орда ханы (1337/39 – 1340/41). Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Орда Еженнің ұрпағы, Ерзен ханның ұлы.

Басқаруы

Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында хан көтерілді. Мүбәрәк Қожа жайлы деректер Муин әд-Дин Натанзи шығармаларында кездеседі. Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды. Мүбәрәк Қожаның дербестікке ұмтылуы Алтын Орда билеушілері тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Алтын Орда ханы Өзбектің (1312 – 42) Ақ Орданы қайтадан өзіне қарату әрекетінің нәтижесінде ол ордадан кетуге мәжбүр болды. Мұсылман авторларының айтуынша ол Алтай мен қырғыздар арасында қашып жүріп, қазаға ұшыраған. Көп ұзамай Алтын Орда ханы Өзбек қайтыс болып, мұрагері Жәнібектің (1342 – 57) жарлығымен 1344 жылы Мүбәрәк Қожа орнына оның інісі Шымтай хан болды. Ал Мүбәрәк Қожа аңсаған дербестікке Ақ Орда билеушілері Ұрыс және Тоқтамыс хандар жетті.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 6 том</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Сығынақ қаласы

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Ақ Орда хандары