Михаил Васильевич Хван
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Михаил Васильевич Хван (20 мамыр 1931 жыл, Ресей, Хабаровск өлкесі – 13 тамыз, 1995, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1978), профессор (1986).
Өмірбаяны
- Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
- Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1959–1983) болған.
- 1984 жылдан өмірінің соңына дейін қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
- Ғылыми еңбектері протозоология және арахноэнтомология мәселелеріне арналған.
- 3 авторлық куәлігі бар.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}