Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты 1925 жылы 7 сәуірде құрылған. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыттары: биотехнология үшін маңызы құнды штаммдарды – микроорганизмдерді (жануарлар үшін патогенді) құжаттау және олардың бірыңғай отандық жиынтығын (коллекциясын) жасап, сақтау, барлық меншік түрлеріндегі шаруашылықтарда ветеринарлық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін бұл штаммдарды жануарларды емдеуге арналған биопрепараттар жасауда, оларды өндіруде қолдану мүмкіндіктерін құжаттау; өндіріске вакциналар, қан сарысуын, препараттар дайындау. Институт ғалымдары 47-ден астам вакцина, диагностикум, зарарсыздандырушы дәрілер, антигендер, қан сарысуын, жануарлар дертін анықтау мен емдеу әдістерін ойлап тапты. Микроорганизмдердің 25 штаммы жинақталып, генофонд құрылды. 8 патент, 80 патент алдындағы құжат алынып, қосымша 102 өнертабыс ұсынылды. Институтта 84 ғылыми қызметкер, 15 ғылыми докт. мен 45 ғылыми канд., 1 академик, 1 корр. мүшеден құралған ғалымдар ұжымы еңбек етті. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада 14 ғылыми докт. мен 40 ғылыми канд. даярланды. Ғалымдардың еңбектері 4 монографияда, 8 ғыл. еңбектер жинағында басылып, 520 ғыл. мақала, 23 ұсыныс жарық көрген.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}