Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Менің Қазақстаным (фотокөрме)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: "2011 жылғы 4 наурызда мұражай-қорықтың Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимаратында «Менің...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

2011 жылғы 4 наурызда мұражай-қорықтың Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимаратында «Менің Қазақстаным» фотоеөрмесі ашылды. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен «Кристалл» фотоклубы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» фотокөрмесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Экспозицияға 80-ге жуық жұмыстар енген, оларда фотосуреттің барлық жанрлары: портрет, пейзаж, этюд, натюрморт, сюжеттік композиция ұсынылды. Көрмеге қатысушылар – қарапайым адамдар, десек-те олар нәзік сезімді талғамға ие, бізді қоршаған әлемдегі үйлесімділікті байқай білетін жандар. Бүгінде «Кристалл» фотоклубында 40-қа жуық адам бар және ондағы кәсіпқойлар мен әуесқойлардың бәрі өздерінің терең сезімдерін, жан дүниелерінің байлығын, әлемді қабылдауларын және ішкі үйлесімдерін паш етеді. 1968 жылы ұйымдастырылған фотоклуб фотосурет өнеріне еліктеуші және шынайы берілген адамдардың басын біріктірді. «Кристалдықтар» қалалық, аймақтық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысып, туған қалаларына конкурс жеңімпаздары мен лауреаттарының дипломдармен оралып жүрді. Фотоөнерді белсенді насихаттағаны және жоғарғы кәсібилігі үшін клубқа «халықтық» атағы берілді.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА