Мақат мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:52, 2016 ж. қаңтардың 21 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Мақат мұнай кен орны - Атырау облысы Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 100 км жерде. Кен орны 1913 жылы ашылған. Құрылымы 1931 жылы гравиметрлік түсіру және құрылымдық-карталық бұрғылау арқылы анықталған.

Геологиясы мен сипаты

Төменгі бор, ортаңғы юра, пермь-триас түзілімдерінен мұнай қабаттары барланған. Олардың тереңдігі 37 м-ден 526 м-ге дейін, қалыңдығы 15-30 м аралығында. Горизонттар терригенді түзілімдерден тұрады, коллекторлары кеуекті (22,9-32,7%), мұнайға қанығу коэффиценті 0,47-0,81. Мұнайдың өнімділігі 0,3-3,3 м3/тәулік, температурасы 13-27°С, тығыздығы 0,803-0,895 г/см3.

Құрамы

Мұнай құрамындағы күкірттің мөлшері 0,25- 0,28%, парафині 0,25-0,8%. Қабаттың суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,096-1,147 г/см3, минералдығы 131,2-190,6 г/л. Кен орны пайдаланылуда.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref><ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер