Күләш Байсейханқызы Құрманова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:10, 2015 ж. шілденің 3 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Құрманова Күләш Байсейханқызы (1.1.1941 ж.т.,Алматы облысы Қапал ауданы Қызылағаш ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1994). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1966).

1970 — 91 ж. Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеулер институтында, 1991 жылдан Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Ол жұқпалы ауруларды емдеу әдістерін жетілдіру мәселесі бойынша докторлық диссертация қорғаған тұңғыш қазақ ғалымы. Негізгі ғылыми бағыты сарып ауруының белгісін анықтау және оны емдеу әдістерін жетілдіруге арналған. Ол клиникалық және теориялық инфектологияның дамуына үлкен үлес қосты. Сарып, лептоспироз, оба ауруларының клиникалық-эпидемиологиялық аспектілерін зерттеді. 270-тен аса ғылыми еңбектің, 2 авторлық куәліктің авторы. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.<ref name="source1">Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күләш Байсейханқызы Құрманова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}