Кіші Алматы мұздықтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:04, 2015 ж. наурыздың 28 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Кіші Алматы мұздықтарыІле Алатауының солтүстік беткейінде, Кіші Алматы өзені бастауындағы мұздықтар тобы. Алматы қаласының оңтүстігінде 30 км жерде. Ең биік жері Орджоникидзе шыңы (4410 м). Мұздықты 1902 жылы С.Дмитриев ашқан.

Аумағы

Кіші Алматы мұздықтары 12 мұздықтан тұрады; бастылары: Орта Тұйықсу, Игілі Тұйықсу, Молодежный, М.Мәметова, З.Космодемьянская. Жалпы ауданы 11,4 км2, оның 3,86 км2-і фирн алаңы, 4,74 км2-і ашық жатқан мұздық тілі, 2,8 км2-і борпылдақ жыныстармен жабылған. Мұздық көлі 0,39 км3. Беткі мұздықтар жауып жатқан мореналық қабат астында қалыңдығы 100 м-ге жететін көп жылғы тоң мұз жатыр, одан көбіне сел тасқыны бастау алады. Селден қорғану мақсатында Кіші Алматы өзені аңғарында (Медеуде) күрделі тосқауыл (плотина) салынды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кіші Алматы мұздықтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}