Жолбарыс хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:19, 2011 ж. шілденің 26 кезіндегі Ulan (Талқылауы) істеген түзету

Жолбарыс Абдоллаұлы (1690 жылы шамасы – 1740) – Ұлы жүз ханы (1720 – 40). «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» соң Ж. өзі билеген қазақ рулары мен Ташкент тұрғындары атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындап, жоңғар әскербасына алым-салық төлеп тұрған. 1733 жылы Ұлы жүз ханының елшілері Аралбай мен Оразкелді Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоановнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1738 жылы Ж. Ресей бодандығын қабылдау ниетін білдіріп, Ресей үкіметіне хат жазады. 1738 жылы 19 қыркүйекте Анна Иоановна Ж-тың атына арнайы грамота жолдап, оның тілегін қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ жоңғар билеушілерінің қарсылығы және Ресей мен Ұлы жүз хандығы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қалыптаспауы себепті Ж-тың саясаты жүзеге аспады. Ж. 1739 жылы Абылай ханмен тізе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Ташкент, Сайрам қ-лары жоңғар әскерлерінен азат етілді. Ж. Ташкент тұрғындарының қолынан қаза тапты. Оның орнына Ташкенттің ұлысбегі болып Төле би тағайындалды.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жолбарыс хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Kazakh Khans