Оразкелді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:KoartTaschkent.png
Оразкелді Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа қалалары мен Ресей арасындағы сауда байланысының жандануына атсалысқан.

Оразкелді (туған,дүние салған уақыты белгісіз) – қазақ-жоңғар соғысының батыры, елші. 1733 – 34 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың елшілері Оразкелді мен Аралбай Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоановнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1734 ж. 9 сәуірде Оразкелді мен Аралбай Ресей Сыртқы істер министрлігі коллегиясында қабылдауда болды. Осы жылдың 10 шілдесінде Анна Иоановна қабылдап, елшілер Ұлы жүздің өкілдері атынан өздерін Ресей бодандығына қабылдауды сұраған. Ол Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа қалалары мен Ресей арасындағы сауда байланысының жандануына атсалысқан. Оразкелді жоңғарлармен шайқастарда қол бастап, ерлігімен көзге түскен айбынды батырлардың бірі болды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Казахско-русские отношение в XVІ – XVІІІ веках, А.-А., 1961.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оразкелді|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}