Ерлан Амантайұлы Көкеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Ерлан Амантайұлы Көкеев 1971 жылы 21 мамырда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Көкеев Амантай Мұқашұлы, апат учаскесінің шебері. Анасы - Мұқашева Гүлсім Мұқашқызы, үй шаруасымен айналысады.

Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін домбыра және хорға дирижерлік ету классы бөлімшесін (1991); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбыра классы бойынша бітірген (2000), халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, концерттік қызметті ұйымдастырушы.

Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі. 1990 жылдан - «Дос-Муқасан» тобының солисі. 1993- 1995жылдары - Алматы мемлекеттік циркінде конферансье. 1994 жылдан - Алматы қаласындағы М. Құсайыновтың «Әуен» студиясында аранжирлеуші, дыбыс режиссері. 1996 жылдан - «АБК» тобының солисі. 2000 жылдан бері - «К-7» ВИА продюсері, музыкалық жетекшісі және солисі.

«Ангелы страсти» рок-спектаклін қоюға қатысқан, «Ретро шлягер» мәдени-сауық орталығын құру жобасының авторы, алғашқы электрдомбыраны жасау идеясының авторы. «Ботақаным» қоғамдық балалар қайырымдылық қорының құрылтайшысы (2002).

«Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1994). Қазақстан Жастар одағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998).

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2007). Діни көзқарасы - діндар, мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Келешекте Қазақстанды жоғары білімді, рухани бай ел ретінде көргім келеді».

Хоббиі - спорт, туризм, отбасымен белсенді демалыс. Сүйіп оқитын әдебиеті - философия мен психология, өзін- өзі тану жайлы кітаптар.

Үйленген. Жұбайы - Көкеева Анар Бүркітбайқызы, «Ретро шлягер» дискоклубының бас директоры. Қыздары - Әйге- рім (1996 ж. т.), Рената (2000 ж. т.), Сәтті (2006 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub