Елтай (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:50, 2017 ж. наурыздың 26 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЕлтайАтырау облысының Индер ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округтің орталығы. Аудан орталығы — Индербор кентінен батысқа қарай 10 км жерде. Жайық өзенінің оң жағасында, Каспий маңы ойпатының шөлейт белдемінде орналасқан. Халқы 3269 адам (2009).<ref>База КАТО. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.</ref>

Іргесі 1931 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1997 жылға дейін Аманкелді атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Елтайда оның іргесін қалауға көп еңбек сіңірген жергілікті ағартушы Мұқанғазы Сирановқа қойылған ескерткіш, орта мектеп, аурухана, т.б. мекемелер бар. Елтай арқылы Атырау — Орал автомобиль жолы, Атырау — Самара және Мақат — Орталық мұнай құбырлары өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және Жайық су жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Индер ауданы елді мекендері