Дандан қызылабад шаһарында

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Дандан қызылабад шаһарында» – ғашықтық дастан. Он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Жұмамұхамед Жантақтайұлы ел аузынан жазып алған. Бұрын еш жерде жарияланбаған бұл шығыстық үлгідегі дастанда Ибраһим патшаның Дандан атты батыр ұлының бір сұлу қызға сырттай ғашық болып, соны іздеп сапар шеккені туралы, жолда бастан кешкен ерлік істері туралы әсерлі баяндалады. Шығарма шытырман оқиғаға толы, тілі көркем, махаббатқа, адамгершілікке, өз мақсаты жолындағы табандылыққа, ержүректілікке тәрбиелейді. Қолжазба нұсқасы Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасы қорында сақтаулы.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}