Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев (1978 жылы 1 ақпанда Алматыда туған) — әнші, музыкант, камералық композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (2012). П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры (2015 жылдан).
Мазмұны
Толығырақ
- Біржан Ескендірұлы 1978 жылы 1 ақпанда Алматыда музыканттар отбасында дүниеге келген.
- 1993 - 1997 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "музыкалық теория" бөлімін бітірген.
- Колледжді бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыка және теориялық пәндер оқытушысы, композитор» мамандығы бойынша бітірген.
- 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
- Экономика және статистика академиясының магистратурасын бітірген.
Еңбек жолы
- 2002 - 2004 жылдары Алматы консерваториясыннда болашақ мұғалім ретінде еңбек жолын бастаған.
- 2004 - 2015 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінің музыкалық аспаптарының кафедрасында оқытушы, аға оқытушы.
- 2010 - 2013 жылдары осы оқу орнында доцент міндетін атқарған.
- 2013 - 2015 жылдары Ескендір Хасанғалиев студиясының директоры.
- 2015 жылы Астана опера мемлекеттік опера және балет театрының директорының орынбасары қызыметін атқарған.
- 2015 жылдан П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры лауазымын атқарады.
Марапаттары
- 2012 жылы ҚР тұңғыш президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.
- 2012 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
- 2012 жылы "Ильхом" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
- 2011 жылы елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған.
- 2015 жылы "Қазақстан халқы ассаблиясына 20 жыл" медалі
- 2016 жылы елбасының жарлығымен ҚР Мәдениет министрінің қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
Отбасы
- Әкесі: композитор, Қазақ ССР халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Ескендір Хасанғалиев
- Анасы: дәрігер, Құрмет орденінің иегері Дарико Хасанғалиева
- Үйленген. 1 қызы бар.