Дарико Сопыжанқызы Хасанғалиева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Дарико Сопыжанқызы Хасанғалиева (1943 жылы 25 мамырда Қарағандыда туған) — қазақстандық дәрігер - фтизиатр. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық "Қызыл жарты ай" қоғамының төрайымы. "Құрмет" орденінің иегері. Ескендір Хасанғалиевтың жұбайы.
Толығырақ
- Дарико Сопыжанқызы 1943 жылы 25 мамырда Қарағандыда дүниеге келген.
- Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірген.
- Мәскеудегі Денсаулық сақтау министрлігінің өкпе аурулары орталық ғылыми зерттеу институтының клиникалық ординатурасын бітірген. мамандығы дәрігер - фтизиатр.
- 1973 - 1980 жылдары Алматыдағы өкпе аурулары ғылыми зерттеу институтында анестезиология және жан сақтау бөлімінде жұмыс істеген.
- 1980 - 1983 жылдары Алматыдағы өкпе аурулары ғылыми зерттеу институтынның кәсіподақ төрайымы қызметінде,
- 1983 - 1987 жылдары Алматы қаласындағы Ленин аудандық денсаулық сақтау комитетін басқарған.
- Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық "Қызыл жарты ай" қоғамының төрайымы.
Марапаттары
- 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хатымен марапатталған.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталған.
- Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет" орденімен марапатталған.
- Қазақстанның мемлекеттік марапаты "Шапағат медалі" мен марапатталған.
Отбасы
- Тұрмыс құрған. Жары: Қазақ ССР халық артисі, композитор Ескендір Хасанғалиев.
- Баласы: композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев
- Қыздары бар.