Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бес қару"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Қару-жарақ → Санат:Қарулар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
19:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы
Бес қару — қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Бес қаруға соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар, жақ (садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы, кесу қаруына қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына — айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу қаруына — найза, сүңгі, жыда; соғу қаруына — шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, сылқетер, т.б.; ату қаруына — жақ, кейін шыққан мылтық түрлері жатқызылады. Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыс тактикасын анықтаған. Бес қару әр түрлі әскери дәрежелерді белгілеуге де пайдаланылып, түрлі рәміздік рөлдер де атқарған. Мысалы, жақ — ханның, патшаның рәмізі ретінде, найзаға тағылған байрақ, әскери ту — әскербасылық дәреже белгілері ретінде қолданылған. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты. <ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бес қару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}