Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бердібек Сәрсенұлы Бейсенов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:06, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы
Бердібек Сәрсенұлы Бейсенов (15.9.1927 жыл/30, Жамбыл облысы Сарысу ауданы 1-ауыл - 19.3.2002 жыл, Алматы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1961).
Өмірбаяны
- 1946 - 49 ж. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, А.М. Курганов пен Б.Жылысбаевтың класы бойынша) оқыған.
- Әншілік өнер жолын 1950 ж. Қазақ филармониясының хор артисі ретінде бастады.
- 1950 -53 ж. Қазақстан Министр Кеңесінің Радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің әншісі.
- 1954- 55 ж. Шығыс округінің шекарашы әскерлері штабының әншісі
- 1955 - 64 ж. Қазақ ән-би ансамблінің әншісі
- 1964 - 70 ж. Қазақ филармониясының әншісі
- 1970 - 86 ж. Қазақконцерттің соло-әншісі болды.
Репертураы
Оның репертуарында Абайдың "Көзімнің қарасы...", М.Төлебаевтың "Кестелі орамал", "Тос мені, тос", І.Жақановтың "Нені ойладың", "Даниярдың әні", сонымен қатар А.Т. Новиковтың "Түнгі аңыз", Н.А. Римский-Корсаковтың "Май түні" операсынан Левконың екінші әні, Дж. Вердидің "Риголетто" операсынан Герногтың әні, т.б. композиторлардың туындылары орын алды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.
Марапаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі грамотасы (1957)
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасы (1961)
- медальдар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}