Қазақ ән-би ансамблі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ән-би ансамблі - вокалдық-хореографиялық ансамбль. 1955 жsks ұйымдастырылды. 1989 жылдан "Салтанат" деп аталды. Ансамбльді алғаш ұйымдастырушылар: режисер-хореограф Л.Д. Чернышева, композитор Б.Байқадамов, балетмейстер А.Бекбосынов, т.б. болды. Негізгі мақсаты - қазақтың ән және би өнерін, сондай-ақ, әлем халықтарының, композиторларының шығармаларын насихаттау. Ансамбль репертуарында Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Б.Жұманиязовтың шығармалары және украин, чех, неміс, жапон, венгр, араб халықтарының ән-хорлары мен би сюиталары бар. Қазақ ән-би ансамблі Баку, Вильнюс, Киев, Санкт-Петербург, Мәскеу, Рига, Таллин, Тбилиси, АҚШ, Германия, Венгрия, т.б. шет елдерде гастрольдіқ сапарларда болып өнер көрсетті. Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы деген құрметті атақ берілді (1967). Әнші-орындаушылары С.Әлімходжаева, Ж.Бекболатов, Р. Галимниязова, Р. Есламғалиева, Р. Құрбанова, Ә. Ысмайлов, Р. Үмбетбаев, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}