Батыс Тереңөзек мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:36, 2015 ж. мамырдың 21 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Батыс Тереңөзек мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Атырау облысында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Кен орны 1953 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық жағынан мұнай сыйыстырушы көтерілім қос қанатты тұз күмбезді қүрылымдармен байланысқан. Жоғарғы және теменгі бор түзілімдерінде 8 өнімді горизонт бар. Мұнай мен су -233, -718 м тереңдікте шектеседі.

Жатыс сипаты, құрамы

Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан тұрады, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,6-0,8. Мұнайдың тығыздығы 842-ден 946 кг/м3 дейін, күкірті 0,26-2,36%, парафині 0,15-2,31%. Мұнай жатынын құрамы хлоркальцийлі арынды су қоршаған. Кен орны 1956 жылдан игерілуде.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер