Бакланий мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2015 ж. мамырдың 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Бакланий мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік ернеуі маңындағы белдем ауқымындағы мұнай кен орны. Атырау облысында, Атырау қаласының солтүстігінде 60 км жерде орналасқан. Сейсмобарлау және құрылымдық бурғылау көмегімен 1956 жылы дайындалған. Іздестіру бұрғылауы 1959 жылы басталып, кен орны 1961 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық түрғыдан кенорын үш қанатты түз күмбезді құрылымда орналасқан. Төменгі бор бөліміне тиесілі жоғарғы альб және апт жікқабаттарында екі мұнайлы горизонт бөлінген. Бұл горизонттардың жиынтық мұнайлы алаңы 1947 мың м2. Горизонттардың күмбездегі жатыс тереңдігі 294-513 м.

Жатыс сипаты

Жатындардың биіктігі 4,2-18,9 м. Су-мұнай жапсары -328,8 -535,6 м абсолют белгілер арқылы өтеді. Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған сипатта келеді. Горизонттар терригендік шөгінділерден құралған, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдық 2-4,1 м, жинауыштардың анық ке- уектілігі 29-32%, өтімділігі 0,208-1,78 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенттері 0,53-0,8. Мұнайдың бастапқы шығымдары 24-35 м3/тәу, бастапқы қойнауқаттық қысым 2,84-4,37 МПа, температура 19,5-20°С.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 899-911 кг/м3. Мұнайда 0,42-1,3% күкірт, 0,29-0,54 парафин бар. Кен орны 1994 жылдан пайдаланылуда.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер