Байшонас мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:01, 2015 ж. мамырдың 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұнай кен орны

Байшонас мұнай кені - Ембі мұнайлы ауданындағы ескі мұнай көздерінің бірі.

Географиялық орны

Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан.

Тарихы

Алғашқы мұнай 1931 жылы алынған. Құрылымды дайындау 1925-1941 жылдары құрылымдық карта жасау бұрғылауы және сейсмобарлау барысында атқарылды. Барлау бұрғылауы 1930 жылы басталған. 1933 жылы Шығыс Байшонас, 1939 жылы Солтүстік Байшонас бөлікшелері ашылып пайдалануға берілді.

Геологиялық құрылымы

Мұнай қорын молайтуды көздеп, гравийметриялық сейсмикалдық зерттеулер кеңінен жүргізілген. Геологиялық құрылымында юра және бор кезеңдерінің шөгінділері басым, мұнай қоры да осы шөгінді қабаттардан шығады. Кенорын қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алган. Мұнайлы таужы- ныстар бор және юра жүйелері қимасында. Осыларда бөлінген жеті горизонттың үшеуі сеноман, қалғандары жоғарғы альб, апт, неоком жікқабаттарында жене юра шөгінділерінде. Сеноман жікқабатына тиесілі өнімді горизонт 18 м, төменгі бор горизонттары 27-394 м, юра горизонттары 450-524 м тереңдіктерде жатыр. Жатындардың биіктігі осы ретпен 69,7 м, 12-102 м, 20-50 м, орналасу белгілері (тереңдіктері) -109,7 м (сеноман горизонты) -100 -430,5 м (апт-неоком), -230 -825 м (юра) болып анықталған. Жатындар қойнауқаттық, олар тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық тұрғыдан қалқаланған болып келеді. Горизонттар терригендік тау жыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдық сеноман горизонтында 3,63 м, апт-неоком горизонттарында 1,7-11,0 м, юра жүйесінде 3,7-6,9 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 27,7-32,8%, өтімділігі 0,851-2,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,68-0,78. Мүнайдың алғашқы шығымдары 0,2-54,1 м3/тәу. Бастапқы газдық фактор 10-350 м33. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,77-7,95 Мпа, температура 18-42°С. Жылына 12 мың т мұнай өндіріледі. Негізгі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 5-10 м, бұл қабаттардың жалпы аумағы 5-96 га. Мұнайлы шөгінділер саздақ құмды жер қыртысынан орын алған, бұлар негізінен 25-570 м тереңдік аралығында шөккен.

Құрамы

Мұнайының техно-экономикалық сипаттамасы: әрбір см3 шөгіндіде 0,8963 – 0,9078 г мұнай, 0,13 – 0,30% парафин бар. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Байшонас мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}