Ақсораң (Сарыарқа)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:56, 2015 ж. тамыздың 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тау Ақсораң Қызыларай тау массивінің оңтүстік бөлігіндегі тау, Сарыарқаның биік жері.

Географмялық орны

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жерінде, Шылым ауылынан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Биіктігі 1565 м, ені 7 км.

Геологиялық құрылымы

Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Солтүстікке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. Қаратал, Жіңішке, Сарыөлең өзендері бастау алады.

Өсімдігі

Тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық аңғарлардағы қызыл қоңыр топырағында қайың, көктерек, тал, арша, қараған; ойпаң жерінде тобылғы, астық тұқымдас әр түрлі шөпті шалғын өседі.Таудың табиғи көркі мен табиғат байлығы шаруашылық әрекеттерге көп ұшырай қоймауы мұнда болашақта қорық ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер