Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:56, 2016 ж. қазанның 9 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны - Қызылорда облысы Жосалы темір жол станциясынан солтүстікке қарай 120 км жерде. 1985 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны Арысқұм грабен-антиклиналінің орталығы бөлігіндегі антиклиналдық иілімді алып жатыр. Кен шоғыры төменгі бор жыныстарына байланысты түзілген.

Жатыс сипаты

Өнімді қабат 928 м тереңдікте тектоникалық тұрғыдан оқшау орналасқан. Оның жалпы қалыңдығы 20 м шамасында, тиімді қалыңдығы 12-15 м, мұнай сіңірілген қалыңдығы 3,2-12,6 м. Коллектордың кеуектілігі 17,4е, өткізгіштігі 0,054 мкм2.

Қанығу сипаты

Мұнай сіңірімділік коэффициенті 0,66; газ сіңірімділік коэффициенті. 0,697. Кен әлсіз цементтелген гравелиттен, құмнан, құмтастан, алевролиттен тұрады. Бастапқы қабат қысымы 10,49 МПА, температурасы 44°С болған. Газдық фактор 39,7 м3/т. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі: мұнай бойынша — 60,9 м3, газ — 69,62 мың м3.

Құрамы

Кеннің мұнайы жеңіл (0,854 г/см3), құрамында күкірт (0,46:), парафин (9,7-27,2), шайыр (16,65) бар. Газ негізінен метаннан 93,86 тұрады. Газдағы конденсат мөлшері 9,4-15,2 г/м3, оның тығыздығы 0,738-788 кг/м3. Кен орны “Тұранпетролеум” біріккен кәсіпорнына игеруге берілген (1995).<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}