Аралбай Оңғарбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:10, 2016 ж. қарашаның 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Жазушы

Аралбай Оңғарбекұлы<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref> (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.

Өмірбаяны

Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың КелімбердіМұңалЖаулыЖарыЖетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.

Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.

Жұрт жайлауға – Үстірт үстіне, Жемнің жоғарғы басына, Ойыл бетіне көшкенде, Аралбай денсаулығына орай теңіз жағасындағы Айрақтыны қыстап, жайлап отыра берген. Жалғыз баласы Берекет 1904 жылы жиырма бес жасында дүние салады. Академияның ғылыми кітапханасындағы бір жазбада (401-бума, 1-дәптер. 1947 ж. Гурьев экспедициясы жинаған): Аралбай баласы екеуі бір байға жалданып, шыңырау кұдық қазған. Арқан үзіліп, тас құлап, баласы кұдық ішінде өлген – делінеді. Аралбайды етене білетін Қайшыбай, Мұса, Қибатғардың бәрі-бәрі де мұндай әңгіменің жаңсақтығын айтады. Олардың айтуынша, ақынның баласы ауырып өледі. Аралбайдың өз өлеңдеріне зер салсақ, тіл-көз тиді-ау дегендей. Берекет өлгесін, келіні Меңешті төркіндері алып кетеді. Жастай жабысқан ауру азабы, жалғыз баласы Берекеттің қасірет-кайғысы, келіні Меңештің екі немересімен қолынан кетуі ақынға аса ауыр тиеді. Көп ұзамай ақын атасын қимай, келіні Меңеш қайтып оралады. Меңеш өле-өлгенше атасын күтіп, Берекеттен калған екі баласы Балықбай, Башақбайларды бағып отыра берген, қартайған шағында Құлсары кентінде баласы Башақбай қолында дүние салған.

Аралбай мен Қашаған ақын тұтас, замандас болған. Олар бірін-бірі құрметтеп,бірінің басына іс түскенде екіншісі қасынан табылып, маңдайынан сүйіп жұбататын, жігерлендіріп, қайғысына жан жүрегімен ортақтасып отырған. Қашағанның баласы қайтқанда барып жұбатып отырып апасы Алтынзереге айтқаны бұл сөзге дәлел.

Шығармашылығы

  • Ел арасына ауызша кең тараған жырлары: «Қашағанға мұңын шағуы», «Еңсесі кеткен жүйрікпін», «Жатырмысың, перзентім» («Әдебиет майданы», 1935), «Меңешке айтқаны», «Келіні Меңешке шығарып берген жоқтауы», «Жұт жылы», «Күрекешпен сөз қағыстыруы», тағы басқалар.
  • Ақын толғаулары «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «Абыл, Нұрым, Ақтаным... » (1997) жинақтарында жарияланған. Толғаулары адам атаулыға ортақ өмірдің мәнді мәселелерін көтеруімен, ойлы, бейнелілігімен ерекшеленеді. Ақынның жеке туындылары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығында сақтаулы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аралбай Оңғарбекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}