Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айшуақ хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш
ш (Bot: Migrating 2 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q3826474 (translate me))
Жол нөмірі 66: Жол нөмірі 66:
  
 
[[Санат:Әбілқайыр әулеті]]
 
[[Санат:Әбілқайыр әулеті]]
 
 
[[ca:Aixuvak Khan]]
 
[[ru:Айшуак-хан]]
 

11:55, 2013 ж. наурыздың 14 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Сурет:Айшуақ ханның мәрі.jpg
Айшуақ ханның мәрі

Айшуақ (17201810) – хан, Кіші жүзді билеген (16.10.1797 — 1805). Әбілқайыр ханның баласы. Нұралы ханның тұсында Жетіруға билік жүргізді.

1748 – 49 жылдары қазақ шонжарларының төрт баласымен бірге (інісі Қожахметті алмастырып) Жаманқалада (Орскіде) аманатта болды. Апақ және Жантөре деген балалары Сырым батыр бастаған қозғалысқа белсене қатысуына байланысты 1785 жылы атаман Донсков Айшуақты тұтқынға алып, екі жылдай қамауда ұстады. Кейін Сырым батыр және Ералы сұлтандардың араласуымен тұтқыннан босанады. 08.8.1797 жылы ашылған Кіші жүздегі Хан кеңесіне төрағалық етті. Бұл кеңеске шекті сары Шонай би, сықылар Сұлтанбек, алаша Шақшақ, табын Көшекбай, кердері Бітік мырза және патша үкіметінің өкілі мүфти М.Хұсайынов мүше болған. Кеңестің жұмысына негізінен Хұсайынов ықпал еткенімен, Айшуақ Орынбор әкімшілігі мен Сырымның арасын бітістіру, ел ішінде тыныштық орнату бағытында елеулі жұмыстар атқарды. Жасының ұлғаюына байланысты 1805 жылы өз өтінішімен хандықтан босатылды.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

Үлгі:Қазақ хандары