Кердері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кердері – қазақ халқының құрамындағы ру. Кердері руының бастапқы тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғ-да ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатады. Көне Қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Ереңқабырға төңірегін қоныстанған юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер (қ. Ақ ғұндар), ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әму жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит-ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері руының атауы туындаған. Ғыл. деректер 10 ғ-да Арал т-нің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады.Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың мүйтек тайпасы құрамына, екінші бөлігі Кіші жүздегі жетіру тайпасының құрамына енген. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” кезінде кердерілер Аралдан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағына, Орал қ. маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Кердеріден: Котермен, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас, Шағыр, т.б. аталар тарайды.Ұраны – Қожахмет, таңбасы – (Q) тостаған.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Кердері – кіші жүздің Жетіру тайпасына құрамына кіретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған.Осы мемлекеттерің ескерткіштерінің бірі- Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. К Е Р Д Е Р І: Котермен, Құлтай ,Жабағы ,Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға бөлінеді. Кердерінің ұраны-Қожақмет.<ref name="source1">Мейер.Л., Киргизская степь Оренбургского ведомства,СПБ,1865; Востров В. В., Муканов М. С., Родоплеменной состав и расселение казахов, Алма-Ата.,1968. (Қ. С. Энциклопедиясы Том №5, 389-бет)</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Қазақ рулары


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кердері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}