Қарынжарық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарынжарық – Маңғыстау түбегі мен Үстірт аралығындағы құмды ойыс.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
- Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы жерінде орналасқан.
- Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай 130 – 160 км-ге созылған, ені 24 – 40 км.
- Ауданы 2 мың км2.
- Негізгі жыныстарының мүжіліп, үгілуінен қалыптасқан құмды төбелердің биіктігі кейде 5 – 15 м-ге жетеді. Кей жері тақырға, сортаңға, сорға айналған.
- Климаты континенттік, қаңтар айының орташа температурасы –5 – 6С, шілдеде 27С.
- Жауын-шашын мөлшері 120 – 150 мм шамасында. 3 – 7 м тереңдікте минералды грунт сулары бар.
- Шығысы құмды саздақтардан құралған аллювийлік жазық.
- Мұнда жусан, сораңөседі.
- Батысының жері дөңестеу, онда баялыш, жусан, жүзгін, күйреуік, ақ сексеуілөседі.
- Солтүстігінде ойыс Қарабауыр жонына ұштасады.
- Мал жайылымы.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>