Қазақ көлік және коммуникация академиясы
Үлгі:Университет М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы— Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орны. ҚазККА қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды.ҚазККАда оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады. Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.<ref name="test">Қазақ көлік және коммуникация академиясының ресми сайты, Басты бет.</ref>
Тарихы
Академияның тарихы Ташкентте орналасқан Орта Азия теміржол көлігі инженерлері институтының Алматыдағы оқу-консультациялық пункті ашылған сонау 1931 жылдан бастау алады. Бұл оқу-консультациялык пункт 1967 жылғы 1 қазаннан бастап Ташкент көлік инженерлері институтының Алматы филиалы болып қайта құрылды. 1976 жылғы 20 мамырда осы филиалдың негізінде Алматы теміржол көлігі инженерлері институты (АлИИТ) ұйымдастырылды. 1991 жылдың 1 каңтарында Өскемен кұрылыс-жол институтының Алматы филиалының негізінде Алматы автомобиль-жол институты (ААДИ) құрылды. 1996 жылғы 7 мамырда Алматыдағы екі жоғары көлік оқу орнының - Алматы теміржол көлігі инженерлері институты мен Алматы автомобиль-жол институтының - негізінде көлік саласы үшін ірілендірілген жоғары оқу орны - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ұйымдастырылды (ҚазККА).
2000 жылғы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қазақтан шыққан тұңғыш жол қатынастары инженері, ipi коғам және саясат қайраткері. Tүpкicтaн-Ciбip (Түрксіб) магистралінің жобасын жасаушылардың және құрылысшыларының бipi - Мұхамеджан Тынышбаевтың (1879-1938) eciмi берілді.<ref name="test">Ресми сайт, Басты бет.</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>