Секреция

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Секреция (латынша secretіo — бөліну), тасшемен — тау жыныстарындағы қуыстардың кристалдық немесе коллоидтық заттармен толуынан қалыптасқан қоспа. Бұл заттар қуыстарда қабырғасынан ортасына қарай концентрлік тетелестік бойынша біртіндеп (ортасы қуыстанып) орналасады және түсі мен құрамы бір-бірінен өзгеше өте жұқа қабатшалар түзеді. Секрецияның орталық бөліктерінде талшықты агрегаттар, кішігірім қуыстарда друза түріндегі кристалдар, іркінді түзілімдер байқалады. Атпа тау жыныстары мен қалдық ерітінділердің кристалдарымен толған диам. 2 мм қуыстар — миаролит, 10 милиметрдейі миндалина (бадамтас) секрециясы, ал олардан ірілері жеода деп аталады. Секрецияның түзілуі гипергендік және гидротермалдық процестер нәтижесінде ерітінділермен келген заттарға байланысты. Секреция көбіне мұражайлар үшін бағалы коллекциялық материал болып табылады.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify