Порфирит<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> — құрылымы порфирлі калишпатсыз магмалық тау жыныстарының жалпы атауы. “Порфирит” термині интрузиялық тау жыныстарының порфирлі құрылымды екенін көрсетуге қолданылады. Мысалы,
габбро-порфирит,
диорит-порфирит, т.б. Бұл тау жыныстарында фенокристар плагиоклаз және фемалық минералдар болып, арқауы толық кристалды, ұсақ түйірлі осы минералдардың агрегатынан тұрады. Мұндай плутонит-порфирлер сығылмалар, силдар, кішігірім штоктар түзеді. Минералдық құрамына байланысты пироксен порфириті, уралит порфириті, т.б. түрлерге бөлінеді. Порфирит құрылыс материалы ретінде қолданылады. Қазақстанда палеозойдың жанартаулық, шөгінді-жанартаулық тау жыныстарында кездеседі.
Дереккөздер
<references/> немесе <reflist/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub