Ислам негіздері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аркан әл-Ислам (Үлгі:Lang) немесе (Үлгі:Lang-ar Аркан ад-дин; Үлгі:Lang-kk) - Ислам дінінің негіздері, олар бесеу, Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары, олар:
- Шаһада (Үлгі:Lang-ar) — Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұһаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).
- Намаз (Үлгі:Lang-ar; Үлгі:Lang-fa) - Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу.
- Ораза (Үлгі:Lang-ar «ас-саум» өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) – Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
- Зекет (Үлгі:Lang-ar – тазарту) – Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы - ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.
- Қажылық (Үлгі:Lang-ar) - Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.