Глозман Осип Сергеевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography Осип Сергеевич Глозман (25.1.1900, Литва, Вильнюс қаласы – 27.7.1976, Алматы қаласы) – медицина ғылым докторы (1937), профессор (1939). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Саратов университетін бітірген (1922). 1946 жылдан Алматы мемлекеттік медицина инситутутында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) патофизиология кафедрасын, Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) патофизиология лабораториясын басқарды. Негізгі ғылыми еңбектері гематология, жалпы патология, патология-физиология мәселелеріне арналған. Глозман жедел өтетін токсикоздарды емдеу әдістерін тапты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikiҮлгі:Stub