Генетикалық карта жасау
Генетикалық карта жасау — тұтас геномның құрылысын анықтау. Ол үшін рекомбинациялық және рестрикциялық талдау әдістері қолданылады. Рекомбинациялық талдауда көптеген мутанттар жинағы бір-бірімен будандастырылады. Генетикалық картада олардың мутацияларының орны анықталады. Бірақ мұндай карта ген жөнінде ақпарат бере алмайды. Сондықтан гендердің физикалық және биохимиялық карталары жасалынады. Ол үшін ДНҚ (ДНК-ды вирустарда) эндонуклеазалармен белгілі жерлерден кесіледі. Ыдырау сайттары ген кесінделерінің үлкендігін өлшейтін нүктелер болып есептеледі. Ал молекулалық өлшемдерде олар ДНҚ репликациясы басталатын нүкте деп есептелінеді.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>