Мутант

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Eggplant mutant.jpg
Өзгеріске ұшыраған баклажан-мутант
Мутант<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – мутация нәтижесінде пайда болатын бастапқы (жабайы) типтен, қандай да бір тұқым қуалаушылық ауытқуымен (өзгешеліктерімен) ерекшеленетін организмдер. Бұл формалардың бірнеше ғасырдан кейін тұқым қуалаушылық жолымен ойда жоқ жерден өзгеруі мүмкін. Мысалы, 18 ғасырдың соңында қысқа аяқты қойлар пайда болып, одан анкон тұқымы тараған. 19 ғ-да мұндай индивидуумдарды “спорт” деп атаса, ал қазір мутант деп атайды. Мутант спонтанды түрде не мутагендердің әсерімен пайда болады. Мутанттың басым көпшілігі бастапқы организмдерден әр түрлі құрылымдары мен функцияларының бұзылуымен әрі тіршілікке бейімділігінің төмендігімен ерекшеленеді. Ал кейде қалыпты орта жағдайында селективтік артықшылықтары басым мутант пайда болады. Мұндай мутанттар өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын шығару үшін аса маңызды. Генетикада мутанттарды мутациялық процестердің заңдылықтарын, генетикалық аппараттың құрылысы мен оның жұмыс істеуін, әр түрлі заттардың биосинтез жолдарын, т.б. зерттеуге пайдаланады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мутант|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}