Бластодермалық көпіршік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бластодермалық көпіршік (бластоциста, стерробластула) — іші қуыс, пішіні көпіршікке ұқсас сүтқоректі жануарларға тән ұрық. Бластодермалық көпіршіктің майда бластомерлерден құралған ақшыл сыртқы қабығын - трофобласт (грек, trophe — қоректену; blastos — өскін), ал ішінде орналасқан ірі күңгірт бластомерлерден түзілген ұрық түйінін — эмбриобласт (грек, embrio — ұрық; blastos — өскін) деп атайды. Эмбриобласт бластомерлерінен (ұрық жасушаларынан) ұрықтың денесі мен ұрық қабықтары (амнион, аллантоис, хорион, сарыуыз қапшығы) дамиды. Трофобластэмбриобластты, яғни ұрық түйінін жатыр қабырғасындағы бездер бөлген сәл құрамындағы қоректік заттармен қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub