Бластодермалық көпіршік
Бластодермалық көпіршік (бластоциста, стерробластула) — іші қуыс, пішіні көпіршікке ұқсас сүтқоректі жануарларға тән ұрық. Бластодермалық көпіршіктің майда бластомерлерден құралған ақшыл сыртқы қабығын - трофобласт (грек, trophe — қоректену; blastos — өскін), ал ішінде орналасқан ірі күңгірт бластомерлерден түзілген ұрық түйінін — эмбриобласт (грек, embrio — ұрық; blastos — өскін) деп атайды. Эмбриобласт бластомерлерінен (ұрық жасушаларынан) ұрықтың денесі мен ұрық қабықтары (амнион, аллантоис, хорион, сарыуыз қапшығы) дамиды. Трофобласт — эмбриобластты, яғни ұрық түйінін жатыр қабырғасындағы бездер бөлген сәл құрамындағы қоректік заттармен қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>