Айбын Шағалақов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айбын Шағалақов – журналист, «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің сараптамалық ақпараттар бөлімінің меңгерушісі. Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданына қарасты «Нұрлы» ауылында дүниеге келген. Алматыдағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын № 2 орта мектебін тәмамдаған ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде білім алуды жалғастырады. 2000 жылдан бері Қазақ Ақпарат агенттігінде жұмыс жасап келеді. Ақпарат әлемінде өзіндік орны бар жас журналистердің бірінен саналады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}