Ауылнай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:16, 2012 ж. қарашаның 19 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ауылнай — кіші әкімшілік қызметкер. “Сібір қазақтары туралы жарлығы” (1822) бойынша енгізілген ең төменгі әкімшілік лауазым. Ресми атауы — ауыл старшыны. 1891 жылы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” бойынша ауылнайлар сайлаушылар съезінде ашық дауыспен 3 жылға сайланған. Болысқа бағынған. Оны уезд бастығы бекіткен. Ауылнай әдетте, жұртына сыйлы, ауқатты адамдар арасынан қойылған. Атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қонуды ұйымдастыру, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешу, халықтан алым-салық жинау, болыстық сайлауға қатысушы адамдарды шақыру т.б. Ауылнай лауазымы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жойылды. Алайда ауылдық кеңестің төрағалары ауызекі тілде “ауылнай” аталып келді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub