Ауылнай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауылнай — кіші әкімшілік қызметкер. “Сібір қазақтары туралы жарлығы” (1822) бойынша енгізілген ең төменгі әкімшілік лауазым. Ресми атауы — ауыл старшыны. 1891 жылы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” бойынша ауылнайлар сайлаушылар съезінде ашық дауыспен 3 жылға сайланған. Болысқа бағынған. Оны уезд бастығы бекіткен. Ауылнай әдетте, жұртына сыйлы, ауқатты адамдар арасынан қойылған. Атқаратын міндеттері: ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қонуды ұйымдастыру, ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешу, халықтан алым-салық жинау, болыстық сайлауға қатысушы адамдарды шақыру т.б. Ауылнай лауазымы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жойылды. Алайда ауылдық кеңестің төрағалары ауызекі тілде “ауылнай” аталып келді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ауылнай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}