Шіркін, life!
Үлгі:Cleanup Шіркін, life! — қазақстандық тележоба.
Мазмұны
«Шіркін, life Ауылда!»
«Шіркін, life 2 Әскерде!»
«Шіркін, life 3 Бурабайда!»
«Шіркін, life 3 Бурабайда!» тележобасы — Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.<ref name="shirkin life">"Ел Арна" телеарнасы — Бағдарламалдар:«Шіркін, life Бурабайда!»</ref>
Бұл маусым алдыңғы екі бөлімге қарағанда түрлі жаңалықтарымен ерекшеленеді:
- Қатысушылар саны 12 адам — өнер жұлдыздары.
- Тапсырмалар саны 14. Олардың барлығы дерлік түрлі спорттық ойындар мен арнайы сайыстарға негізделген.
- Түсірілім Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Бурабай курорттық аймағында өтті.
Мақсаты
Жоба иелерінің айтуынша бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанның спорт және туризм саласын жастар арасында кеңінен насихаттау.<ref name="shirkin life"/>
Қатысушылар құқығы
Реалити-шоуға кез келген өнерпаз немесе танымал тұлға қатыса алмайды. Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
- Біріншіден ол: қазақ тілінде еркін сөйлеу білуі керек;
- Екіншіден ол: рейтингі бар, халыққа қызық адам болуы керек;
- Үшіншіден ол: жобаның барлық шарттарына төзе біліп, бағдарламаға барынша атсалыса білуі керек;<ref name="shirkin life"/>
Шарты
Жобаға іріктеуден өткен 12 адам қатысады. Бағдарламаның басты ережесіне сәйкес, олардың тең жартысы, яғни 6 қыз, 6 ер болуы керек. Бұлар екі командаға бөлінеді.
Бұл жерде басты байқау командаларға негізделеді. Тапсырмалар жалпы командаға беріледі. Сондықтан бұл тұста әрбір қатысушы тапсырманы орындау барысында өз командасында мықтылық немесе тапқырлық таныта білуі керек. Әрбір жетістік командаға ұпай сыйлайды, әрбір кемшілік команданы артқа тартып, жеңіліске ұшыратады.
Жобаның ережесіне сәйкес қатысушылардың күнделікті тыныс-тіршілігін, олардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жүргізуішілер бақылап отырады. Әрбір командаға күн сайын немесе 2 күнде 1 тапсырма беріледі.<ref name="shirkin life"/>
Фотогалерея
- Elarna1 (4).jpg
- Elarna1 (5).jpg
- Elarna1 (6).jpg
- Elarna1 (3).jpg
- Elarna1 (2).jpg
- Elarna1.jpg
- IMG 0520.JPG
- IMG 2141.JPG
- IMG 2342.JPG
- SAM 5006.JPG
- SAM 5100.JPG
- SAM 5201.JPG
- SAM 5262.JPG
- SAM 5264.JPG
- SAM 5673.JPG
Дереккөздер
<references/>