Қашқын: Б жоспары (телесериал)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Телесериал Қашқын: Б жоспары - атыс-шабыс жанрндағы Оңтүстік Кореяның телехикаясы. Фильм KBS2 арнасының тапсырысымен түсірілген. Түсірілім Сеулде, Пусанда, Токио, Осака, Йокогама, Шанхай, Пекин, Макао және Гонконгта жүрген.
Басты рөлдерде
- Дэниэл Хенни
- Ли Чжон Чжин
- Ли На Ён
- Рэйн
- Ким Су Хён
- Сон Дон Иль
- Сон Чжэ Хо
- Ли Чжон Хёк
- Юн Чжин Со
- Сон Ха Юн
Қызықты мәліметтер
- Хван есімді қылмыскер профессор әйелді ойнаған актриса сериал түсіріліп жатқан кезде жол апатына ұшырайды. Сол үшін сценаристтер оның кейіпкерін 12-шы серияда атып кеткен деп көрсетеді. Кейін, сериалдың соңына қарай ол актрисаның жағдайы жақсарып, сериалда түсірілімін қайта жалғастырған болатын (19-шы серия). Ол кезде сериал режиссері: «Сериалдың атына сай, өкінішті жол апаты салдарынан, біздің де кенеттен Б жоспарын ойластырып, сюжетті соған қарай бейімдеуімізге тура келді» деген болатын.
- Фильмдегі басты саундтрек Running and Running әнін Рэйннің «шәкірттері» MBLAQ тобы орындайды.
- Көп жылдар бойы корей сериалдарында көрінбеген актриса мен актерлар бұл сериалға түсуге келісімдерін беріп, түскен болатын. Мысалға: Рэйн үшін бұл соңғы 5 жылдағы бірінші сериал болды, басты рөлдегі актриса үшін соңғы 6 жылдағы бірінші сериалы, Кай рөлінде ойнаған Дэниел соңғы 4 жылда корей драмаларында ойнамаған болатын. Ал профессор Хван рөлін ойнаған актриса тіптен Fugitive драмаға дейін көп жыл бойы Жапон елінде ғана түсіп жүрді.
- Келісімшарт бойынша Рэйнге әрбір серия үшін 46,5 мың (1 $ = 1079 won) доллардай ақы төленуі керек болатын. Сериал біткен кезде, сериал түсірген компания жалақыны уақытысында төлемегені үшін Рэйнге 300 мың доллардай ақша қарыз болды.
- Өкініштісі, сериалдың рейтингі Кореяда төмен болды. Бірінші сериясы көрсетілген кезде 21,7 болса, соңғы сериясында рейтингі 12,7-ке дейін түсіп қалады.
Саундтрек
01. Running & Running – MBLAQ 02. Saranggateun geon mitji – Shim Seung Hoon 03. Chaos A.D. – (4minute) 04. Poison – Jea 05. Mayday – (Oran-G) 06. Crazy Bounce 07. Gun Likes A Girl 08. Gloria 09. Dragon Of China 10. Jaetbit Noeul 11. Break Out 12. I Like To Move It 13. Bullet Dance 14. Chunkukeuroee pyeondo 15. Born To Run 16. No More Cigarette 17. Unlimited