Қашқын: Б жоспары (телесериал)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Телесериал Қашқын: Б жоспары - атыс-шабыс жанрндағы Оңтүстік Кореяның телехикаясы. Фильм KBS2 арнасының тапсырысымен түсірілген. Түсірілім Сеулде, Пусанда, Токио, Осака, Йокогама, Шанхай, Пекин, Макао және Гонконгта жүрген.

Басты рөлдерде

  • Дэниэл Хенни
  • Ли Чжон Чжин
  • Ли На Ён
  • Рэйн
  • Ким Су Хён
  • Сон Дон Иль
  • Сон Чжэ Хо
  • Ли Чжон Хёк
  • Юн Чжин Со
  • Сон Ха Юн

Қызықты мәліметтер

  • Хван есімді қылмыскер профессор әйелді ойнаған актриса сериал түсіріліп жатқан кезде жол апатына ұшырайды. Сол үшін сценаристтер оның кейіпкерін 12-шы серияда атып кеткен деп көрсетеді. Кейін, сериалдың соңына қарай ол актрисаның жағдайы жақсарып, сериалда түсірілімін қайта жалғастырған болатын (19-шы серия). Ол кезде сериал режиссері: «Сериалдың атына сай, өкінішті жол апаты салдарынан, біздің де кенеттен Б жоспарын ойластырып, сюжетті соған қарай бейімдеуімізге тура келді» деген болатын.
  • Фильмдегі басты саундтрек Running and Running әнін Рэйннің «шәкірттері» MBLAQ тобы орындайды.
  • Көп жылдар бойы корей сериалдарында көрінбеген актриса мен актерлар бұл сериалға түсуге келісімдерін беріп, түскен болатын. Мысалға: Рэйн үшін бұл соңғы 5 жылдағы бірінші сериал болды, басты рөлдегі актриса үшін соңғы 6 жылдағы бірінші сериалы, Кай рөлінде ойнаған Дэниел соңғы 4 жылда корей драмаларында ойнамаған болатын. Ал профессор Хван рөлін ойнаған актриса тіптен Fugitive драмаға дейін көп жыл бойы Жапон елінде ғана түсіп жүрді.
  • Келісімшарт бойынша Рэйнге әрбір серия үшін 46,5 мың (1 $ = 1079 won) доллардай ақы төленуі керек болатын. Сериал біткен кезде, сериал түсірген компания жалақыны уақытысында төлемегені үшін Рэйнге 300 мың доллардай ақша қарыз болды.
  • Өкініштісі, сериалдың рейтингі Кореяда төмен болды. Бірінші сериясы көрсетілген кезде 21,7 болса, соңғы сериясында рейтингі 12,7-ке дейін түсіп қалады.

Саундтрек

01. Running & Running – MBLAQ
02. Saranggateun geon mitji – Shim Seung Hoon
03. Chaos A.D. – (4minute)
04. Poison – Jea
05. Mayday – (Oran-G)
06. Crazy Bounce
07. Gun Likes A Girl
08. Gloria
09. Dragon Of China
10. Jaetbit Noeul
11. Break Out
12. I Like To Move It
13. Bullet Dance
14. Chunkukeuroee pyeondo
15. Born To Run
16. No More Cigarette
17. Unlimited

Дереккөздер

Үлгі:References

Сыртқы сілтемелер

The Fugitive official KBS website


Үлгі:Stub